Бұл - Ашық есік күні де емес, ресми презентация да емес
Бұл - PhD бағдарламаларына шын мәнінде қызығып жүргендерге арналған бейресми, еркін кездесу
Кофе үстінде сіз
Назарбаев Университетінің профессорларымен, бағдарлама директорларымен және мектеп өкілдерімен тікелей сөйлесіп, бағдарламалар, қабылдау талаптары және гранттар туралы нақты әрі сенімді ақпарат аласыз
Кездесуде не күтеміз?
профессорлармен және мектеп өкілдерімен еркін әңгіме
докторантура бағдарламалары туралы талқылау
қабылдау талаптары бойынша толық түсіндіру
гранттар мен қаржылық қолдау туралы нақты ақпарат
өзіңізге ең сәйкес академиялық бағытты бағалау мүмкіндігі
Еркін формат. Іс-шараға толық қатысуға немесе қысқа уақытқа келуге, өзіңізді қызықтыратын бағдарламаны таңдап, қажетті адамдармен тікелей сөйлесуге болады
Күні: сенбі,28 ақпан Уақыты: 12:00–14:00 Форматы: еркін қарым-қатынас, кофе Өтетін орны: Төменгі атриум